10:22, 19 Ақпан 2017 | GMT +5
Нельсон Лопес: Мэйвезер мен Канело, сақтаныңыздар, Ислам келе жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (23-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассисты (16-4, 9 КО) жеңгеннен кейін, Қанаттың бапкері Нельсон Лопес сөз сөйледі, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қанат - әлемнің келесі чемпионы. Қазақстан жаңа чемпионды көргісі келеді. Бұл біздің арманымыз. Біз кез келген қарсыласқа дайынбыз. Тек бір мәселе бар - олар бізбен айқасқысы келмейді. Канело, Мэйвезер, сақтаныңыздар, Қанат келе жатыр! Қанатпен жекпе-жекке шығу үшін Мэйвезер ешқашан рингке қайтып келмейді. Ешкімнің Қанатпен айқасқысы келмейді», - деп мәлімдеді Лопес.
Бұдан бұрын Ислам Сауль Альварес «Канеломен» (48-1-1, 34 КО) немесе Мигель Коттомен (40-5, 33 КО) жекпе-жекке шыққысы келетіндігін айтқан болатын.