Нельсон Манделаның жағдайы тәуір, ауруханадан шығуы мүмкін

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - 18 шілде күні 95 жасқа толатын ОАР-дың тұңғыш қара нәсілді президенті Нельсон Мандела жақын арада ауруханадан шығып, ем-домын өз үйінде жалғастыруы ықтимал.

Нельсон Манделаның жағдайы тәуір,  ауруханадан шығуы мүмкін

Бұл туралы ОАР-дың бұрынғы президенті Табо Мбеки мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Манделаның беті бері қарап келеді». Бірақ оның отбасының кей мүшелері «соңғы екі аптада еш өзгермеген» ауыр халінің сақталғанын айтып отыр.

Нобель сыйлығының лауреаты осыдан бір айдан артық уақыт бұрын ауруханаға өкпедегі инфекцияның кезекті мәрте ушығу диагнозымен ауыр бірақ тұрақты жағдайда жеткізілген болатын.