20:52, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Немере қарындасын тірідей көмгендер іздестіріліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Уттар-Прадеш штатының полициясы тірідей көмілген Танту есімді жеті жасар қыздың туысқандарын іздестіруде.

Ситапур округінің префектура деректеріне сүйенсек, қамыс плантациясының жұмысшысы баланың жанұшырған дауысын естіп, топырақтың қозғалғанын байқаған, артынша дереу сол жерді қазып қызды құтқарып қалған.
Жергілікті полицияның болжамына сәйкес қыздың ағасы мен әпкесі оны ауылдағы жәрмеңкеге апарған. Белгісіз себептермен әлгілер оны тұншықтырып, далаға көміп кетуге ұйғарған, деп хабарлады ВВС.