Неміс баспасы Михаил Горбачевтің ғұмырнамалық шығармасын басып шығару құқығына ие болды

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Немістің "Хофман унд кампе" баспа үйі КСРО-ның тұңғыш әрі соңғы президенті, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Горбачевтің ғұмырнамасын басып шығарудың эксклюзивтік құқығын иеленді.
None
None

 Бұл туралы кеше компания өкілдері мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Бұл іргелі еңбек қазірдің өзінде аяқталып қалды. Онда балалық шағынан жоғарғы мемлекеттік лауазымдағы жұмысына дейінгі ғұмырнамасы толық баяндалған», - деді баспа өкілдері, сондай-ақ олар кітаптан оқырмандар «бұрын жарияланбаған фотосуреттерді» көретін болады деп атап өтті.

"Хофман унд кампе" баспасының хабарлауынша, Горбачев ғұмырнамалық шығармасымен жұмысты зайыбы Раиса қайтыс болғаннан кейін 1999 жылы бастаған. Ғұмырнамалық басылым келесі жылдың ақпан айынан бастап кітап сөрелеріне шығарылмақ.

Соңғы жаңалықтар