Неміс байкерлері Өскемендегі Аналар үйіне қонаққа келді

ӨСКЕМЕН. ҚАЗАҚПАРАТ - Германия-Моңғолия бағытында саяхаттап бара жатқан байкерлер Өскеменге жетті. Байкерлікке құмар қала әкімі Қуат Тұмабаевпен бірге мотошабандоздар облыс орталығы басшысының жұмыс графигі аясында Конституция күніне орай Өскемендегі Аналар үйінде қонақта болды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

null
Аналар үйінде шетелдік саяхатшыларға қазақтың дәстүрі  көрсетілді.  Ондағы 10 жасар Айсұлтанды сүндетке отырғызу рәсімі өткізілді. «Айсұлтанға ұзақ та бақытты өмір тілеймін, жолы даңғыл болсын. Біз, қала әкімдігі Аналар үйін үнемі қолдаймыз. Бұл - әлеуметтік маңызы зор жоба», - деді әкім Қуат Тұмабаев.
null 

Өскеменде саяхатшы байкерлерді ертіп жүрген Дәурен Әли қонақтардың қазақ халқының қонақжайлылығы мен Шығыс Қазақстан облысының тамаша табиғатына тамсанғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, байкерлердің саяхаты бір ай бұрын Германиядан басталған, осы уақытта олар 13 елден өтіпті. 

Соңғы жаңалықтар