Неміс боксшысы Артур Абрахам әлем чемпионы титулын қорғады
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түпкі тегі армяндық неміс боксшысы Артур Абрахам Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (ДБҚ) нұсқасы бойынша 76,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды.
Немістің Нюрнберг қаласында өткен 12 кезеңдік жекпе-жектің 8 раундында ол француз боксшысы Мехди Буадланы техникалық нокаутпен жеңді.
Буадла ойынның 7-кезеңінде қабағынан жарақат алды. Дәрігер оған жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бергенімен, ол бұрынғыдай жұдырықтаса алмады. 8-кезеңде Абрахамның басымдығы күшейе түсіп, кезекті шабуылдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.
Осылайша, Абрахам ДБҚ титулын алғаш рет сәтті қорғап шықты. Ол бұл атақты биыл маусым айында Германиялық Роберт Штиглицпен болған жекпе-жекте жеңіп алған болатын.