Неміс қызына Альпіде тауып алған алтын құйманы өзіне қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берхтесгаден (Бавариядағы коммуна) полициясы өткен жылы Альпіден 16 жасар қыз тауып алған жарты келілік алтын құйманың иесін таба алмады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, иесі табылмағандықтан бұл олжа қыздың өзінде қалатын болды, деп жазады Интерфакс.ру.

Неміс қызына Альпіде тауып алған алтын құйманы өзіне қалдырды

Жарты жыл бұрын ол Кенигзееде демалған болатын және көлден алтын құйманы тауып алды. Қыз тапқан олжасын бірден полицияға апарып берді.

Тергеушілер алтынның көл түбіне қайдан болғанын және оның иесі кім екенін анықтай алмады.

Олжаның ықтимал құны хабарланған жоқ.