Неміс мамандары парламентшілерді Германия, Англия, Италия және Францияда қолданылатын оқу орындарын басқаруға арналған бағдарламамен таныстырды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда ресми сапармен жүрген немістің «Stueber Software» компаниясының өкілдері Мәжіліс үйіне келді.
None
None
Меймандар Мәжілістің Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшелері Жарасбай Сүлейменов және Раиса Полищукпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Неміс мамандары біздің елде оқу орындарын басқаруға арналған «Магеллан», «Да Винчи» және «Школ-Центр» бағдарламаларымен таныстырып жүр. Бұл бағдарламалар 20 жылдан астам Германия, Англия, Италия және Францияның мектептері мен гимназияларында қолданылып келеді. Қонақтар осы бағдарламаны Қазақстанның оқу орындарында пайдалану білім сапасын бағалау үшін, республика мектептерін бір жүйеге біріктіріп, ақпараттық кеңістікпен білім беруді басқаруға қоғамдық қатысуды кеңейтуге ықпал етеді. Өз кезегінде қазақстандық парламентшілер қонақтарды ҚР Парламентінің заң шығарушылық жолдағы негізгі бағыттарымен таныстырды.
Соңғы жаңалықтар