Неміс министрі немерелерге күтім жасау бойынша демалысты енгізуді ұсынды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Германияда немерелерге күтім жасау бойынша демалысты енгізу керек, деп санайды Отбасы, қарт адамдар, әйелдер және жастар істерінің министрі  . Оның бастамасы туралы 14 наурызда Sueddeutsche Zeitung жазады.

Неміс министрі немерелерге күтім жасау бойынша демалысты енгізуді ұсынды

Шредердің пікірінше, неміс әжелері мен аталарына олардың немерелеріне күтім жасау ниетін білдірген жағдайда үш жылдық демалысқа шығу мүмкіндігін беру керек. Алайда, осындай демалысқа кететіндерге қосымша қаржылық көмек әзірше қарастырылмаған.

Шредердің ойынша, немерелерге күтім жасаудың үш жылдық демалысы бөлініп пайдаланыла алады. Осылайша, демалыстың екі жылын кейінге «қалдырып», оны кейін, немересі 14 жасқа дейін жеткенше пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта ГФР-дың жұмыс істеп жүрген азаматтары немерелеріне күтім жасау бойынша демалысына тек белгілі жағдайларда шыға алады. Мысалы, егер әжесі немесе атасы өз немересімен бір үйде тұрса немесе баланың ата-анасының біреуі кәмелеттік жасқа жетпеген болса. Сондай-ақ Германия азаматтары немересіне күтім жасау бойынша демалысқа оның ата-анасына кезінде оқуын тастауға тура келгендіктен және қазір оны жалғастырғысы келетіндіктен шыға алады.

Шредер келтірген мәліметтер бойынша, қазіргі кезде неміс отбасыларының жартысынан көбінде әжелері мен аталары немерелерімен отырады. Бірақ министр олардың өз еркімен немесе тек қажеттілік туғандықтан отырғандарын нақтылаған жоқ. Мысалы, көптеген ата-аналарға өз балаларын балабақшаларда орындардың жетіспеушілігінен  әже-аталарымен қалдыруға тура келетіні белгілі.

Билік өкілдері 2013 жылға қарай балабақшаларда 750 мың жаңа орын құрып, сол арқылы үш жасқа дейінгі әрбір үшінші баланы балабақша тәрбиесіне жіберуге дәмеленіп отыр. 2013 жылдан бастап үкімет жасы 1 мен 3-тің арасындағы әрбір балаға айына 150 еуро төлеуді жоспарлауда. Министрліктің алдында сондай-ақ жақын жылдары білікті тәрбиешілердің жетіспеу мәселесін шешу міндеті тұр.