Неміс полициясы ұзақ қарғаны тұтқындады

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Неміс полициясы жергілікті бір тұрғын әйелге күнде шабуыл жасаған ұзақ қарғаны тұтқындады,

Неміс полициясы ұзақ қарғаны тұтқындады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, «қанатты лаңкес» әйелдің үйден шығуын аңдып тұрып, көрген бойда әдейі ұшып келген және әйелді шоқитын болған. Қарға сонымен қатар, автомобиль әйнегін де тұмсығымен қатты-қатты соққылаған және неміс әйелдің қолындағы азық-түлік салынған қалтаны жұлқылаған. Амалы таусылған әйел полицияға өтініш білдірген. Құс тұтқындағаннан кейін орнитологиялық питомникке жеткізілді.