Неміс провинциясын табылған бомбаның салдарынан көшіреді

None
None
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Немістің Кобленц қаласында екінші дүниежүзілік соғысы кезеңінен қалған әуе бомбасы табылған соң, оның 45 мың тұрғынын көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл демалыс күндері неміс саперлері жарылмаған оқ ішіндегі минаны алып тастаумен айналысады. 1400 кг. жарылғыш заттан тұратын бомба Рейннен, өзендегі су деңгейі азайғанда табылды.

Кобленц билігі бомбаны зарарсыздандыру ісі жүргізілген уақытына қаланың жарты тұрғындарын көшіру туралы жариялады. Екі аурухана, қарттар үйлері мен түрме адамдарына қатысты міндетті көшіру екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған уақыттан бері Германиядағы ең ірі болып табылады. Кобленц қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Манфред Моршхаузердің айтуынша, «жарты қаланы көшіру қажеттілігіне қарамастан, тұрғындар бұл кең көлемдегі шараға түсіністікпен қарап жатыр».

Соңғы жаңалықтар
telegram