Неміс режиссері Күн туралы ерекше бейнеролик жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Күннің ерекше таймлапс-видеосы пайда болды. Роликті неміс режиссеры, Жердің ғарыштан көрінісі ғылыми-деректі фильмінің авторы Майкл Кениг құрастырған, деп хабарлады Росбалт.

Неміс режиссері Күн туралы ерекше бейнеролик жасады

Жаңа видеода соңғы төрт жылда алып жұлдызда болған басты оқиғалар көрсетілген.

Роликті жасау үшін NASA ірі зерттеу зертханасы - Годдард ғарышқа ұшу орталығының видеожазбалары мен суреттерін пайдаланған.