Неміс соты мұсылманға ұлына Жиһад деген есім беруге рұқсат берді
деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.
Шыққан тегі мысырлық 49 жастағы неміс елінің азаматы Реде Сейямға 2002 жылы Балидегі жарылысқа қатысы бар деген күдік келтірілуде. Балидегі жарылыс 202 адамның өмірін қиған болатын.
Сейям өзінің ұлын Жиһад деген есіммен тіркемек болған. Бірақ та, 2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі лаңкестіктен кейін Германияда бұл сөз лаңкестікпен үндестігіне байланысты «жақсы қабылданбайды».
Сейям аппеляциялық сотқа өтініш беріп, оның ісі ұзақ қаралды. Нәтижесінде Жиһад деген есімнен ешқандай теріс мағына табылмады. Сөйтіп сот баласына Жиһад деген есім бергісі келген әкенің пайдасына үкім шығарды. Аппеляциялық сот бұл есімнің араб елдерінде ұл балаларға қойылатын «қарапайым есім» екенін мойындады.