04:01, 14 Қазан 2012 | GMT +5
Неміс суретшісінің картинасы 34 млн. долларға сатылып, жаңа рекорд орнатты
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бұған дейін музыкант Эрик Клэптонға тиесілі болып келген неміс суретшісі Герхард Рихтердің «Абстрактілі картинасы»
Sotheby's аукционында 34,2 млн. долларға сатылып, қазір өмір сүріп жатқан суретшілер үшін жаңа рекорд болды, деп хабарлады ВВС-дің орыс қызметі.
Түрлі-түсті жолақтар мен дақтар бейнеленген туынды 1994 жылы салынған. Картина Клэптонға ол оны 2001 жылы небәрі 3,4 млн. долларға сатып алған кезден бастап тиесілі болды.
Картинаның жаңа иесінің есімі белгісіз.
80 жастағы Рихтер кәсібінің жемісін көріп отырған қазіргі заманғы суретшілердің бірі болып саналады.