Неміс жазушысы Стефани Цвейг дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің еврей нәсілді белгілі жазушысы Стефани Цвейг 81 жасында дүниеден өтті. Жергілікті БАҚ жексенбі күні хабарлағандай, Цвейг 25 сәуірде қайтыс болған. Жазушының қайтыс болуы себептері, сондай-ақ оны жерлеу уақыты мен орны әзірге нақтыланбаған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

1930 жылдары Цвейгтің отбасы нацистер тарапынан қудалаудан бас сауғалап, Кенияға қашуға мәжбүр болды, Германияға 1947 жылы ғана оралды. Кейінірек өзінің осы кезеңдегі өмірі туралы естеліктерін «Ешқайда Африкада» романында жазды. Ғұмырнамалық роман Цвейгті әлемге танымал етті. 2003 жылы романның желісімен осы аттас фильм түсіріліп, оның режиссері Каролина Линк үздік шетелдік фильм ретінде «Оскар» сыйлығына ие болды.

Сондай-ақ жазушының «Германияның бір жерінде», «Ауыз толған топырақ», «Дегенмен армандар Африкада қалады» және басқа шығармалары бар. Heyne Verlag баспасының бағалауынша, оның романдарының жалпы таралымы 7,5 млн. данадан асады. Соңғы жылдары Цвейг Майндағы Франкфуртта тұрды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум