Немістер робот-кенгуру жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс мамандары кенгуру тәрізді робот құрастырды. BionicKangaroo нағыз кенгуру жүрісін сала алады.

Немістер робот-кенгуру жасап шығарды

Аяқтарымен секіргені де аумай қалған. Дегенмен әзірге жылдамдығы баяулау.

Оның салмағы 7 келі, ал биіктігі 1 метр шамасында. 40 см. биіктікке секіре алады, алға қарай жылжығанда бір секірісі 80 см. болып отыр.