Немістер сириялық босқындарға арналған баспананы өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның оңтүстігіндегі шағын Вертхайм қалашығындағы сириялық босқындарға арналған баспана өртеніп кетті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Бұл билік орындары 330 адамды орналастыруды көздеп отырған орын болатын. Отқа оранған нысан тып-типыл болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Журналистердің хабарлауынша, Вертхайм қалашығы шағын ғана және өртенген нысанды жөндеуге мұнда қаржы да жоқ.
22,5 мың адам тұратын Вертхайм босқындардың көп бөлігін қабылдауы тиіс еді. Атап айтқанда 900 адам тұратын ауданға 600 босқын жіберілген. Таяуда қала бұған қосымша 400 адамды қабылдауы тиіс болатын.