Немістің Daimler компаниясы АҚШ нарығынан 841 мың автомобильді кері қайтарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің Daimler компаниясы Америка нарығынан 841 көлігін кері қайтармақшы. Ауқымды кері қайтаруға көліктің ақауы себеп болуда.

Немістің Daimler  компаниясы АҚШ нарығынан 841 мың автомобильді кері қайтарады

Ол дұрыс іске қосылмайтын қауіпсіздік жастығына қатысты. Концерн көлікке орнатқан жастықты жапондық Takata компаниясы шығарған.

Автоөндірушілер жастық апат кезінде дұрыс жұмыс істемейтіндігін айтты. Соның салдарынан жүргізуші мен жолаушылар құрылғыны іске қосқан кезде металл элементі ұшқындарының құрбаны болуы мүмкін.

Атап өтсек, көп жағдайда бұл жеңіл көліктерді қамтиды. Олардың саны 705 мың. Сондай-ақ 136 минивэннің кемшіліктерін жою қажет, деп жазады planet-today. Ru.