Немістің ірі компаниясы халал сертификатын иеленді

Ол «тахир» (таза) және «халал» (рұқсат етілген) санаттары бойынша сертификатты иеленді. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.
«Эссендегі және Дуйсбургтегі Evonik Industries компаниялар фабрикасы тағам өнеркәсібінде, косметикалық және медициналық өнеркәсіпте қолданылатын күрделі эфирді өндіреді. Ендігі жерде аталмыш фабриканың өнімдерін мұсылмандар да қолдануына болады. Жеке бас тазалығына арналған заттар мен бұйымдарды өндіру желісінің бас менеджері Клаус Йеннидің айтуынша, аталмыш сертификат әлемнің жаңа нарығын бағындыруға, компанияның коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Evonik жыл сайын сертификаттаудан өтеді әрі осы аралықта өндірісте қандай да бір өзгеріс орын алса, оны міндетті түрде хабарлайтын болады» делінген Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайтында.