Немістің жер серігі оңтүстік-шығыс Азияға құлады
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Немістің ROSAT зерттеуші телескопы Жердің атмосфера қабатына шығар кезде жексенбі күні жарылып, оңтүстік шығыс Азияға құлады. Құлаған жердің нақты орны әзірге белгісіз, деп хабарлады www.bnews.kz сайты.
«Есептеу бойынша, жер серігі Үнді мұхитына Шри-Ланкадан батысқа қарай немесе Андаман теңізінің Бирма жағалауына, тіпті болмағанда Қытайға құлауы керек еді», деп - Гарвард-Смитсонов орталығының астрофизик ғалымы Джонатан МакДауэллдың пікірін Life News келтіреді.
Жер серігі атмосфераға оралудан бірнеше сағат бұрын неміс ғарыштық орталығы радарынан жоғалып кетеді.