Немістер аптасына рекордтық деңгейде көп жұмыс істейді
АСТАНА. KAZINFORM — Висбадендегі Федералдық демографиялық зерттеулер институтының мәлімдеуінше, Германия тұрғындары аптасына орта есеппен 29 сағат жұмыс істейді – бұл ел біріккеннен бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды DW.
Федералдық демографиялық зерттеулер институты (BiB) сейсенбіде, 12 тамызда жарияланған талдауға сәйкес, немістер жан басына шаққандағы жұмыс сағаттары бойынша жаңа рекорд орнатты. Авторлар немістер аптасына орташа 29 сағатты жұмысқа жұмсайтынын анықтады, бұл ел біріккеннен бергі ең жоғары көрсеткіш.
Бұл статистика Германияның 20 мен 64 жас аралығындағы барлық тұрғындарына, олардың қазіргі жұмыс жағдайына қарамастан қамтыған.
— Статистикаға аптасына нөл сағат істейтін жұмыссыз адамдар да енді, - деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Харун Сулак KNA ақпараттық агенттігіне.
Сулак жан басына шаққандағы жұмыс уақытының өсуі, әсіресе әйелдер арасында байқалатынын атап көрсетті. Егер 1991 жылы олар ерлерге қарағанда 14 сағат аз жұмыс істесе, қазір бұл айырмашылық аптасына 9 сағатқа дейін қысқарды.
Дегенмен, зерттеушілер «әйелдердің, әсіресе аналардың идеалды деп санайтын жұмыс уақыты қазіргі уақыттағыдан да жоғары» деп атап көрсетеді.
Еске сала кетейік, Германияда 16 жасқа дейінгі балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салу ұсынылды.