Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ненад Эрич «Астана» футбол клубының 2012 жылғы маусымдағы үздік легионері атанды

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының сайтында кезекті сауалнама қорытындысы жарияланды.

Ненад Эрич «Астана» футбол клубының 2012 жылғы маусымдағы үздік легионері атанды

Апталық дауыс беру нәтижесінде сербиялық қақпашы Ненад Эрич үздік легионер деп танылды. Оған жанкүйерлердің 26,25 пайызы даусы берген. Үздік үштікті Орталық Африка Республикасы құрамасының мүшесі  Фокси Кетевоама (25,25)  мен черногориялық Дамир Кояшевич (24,2%) түйіндеді.

1982 жылы 26 мамырда Сербияның Пожега қаласында  дүниеге келген Ненад Эрич футболдағы мансабын 1992-2002 жылы туған қаласындағы  «Слога» командасында бастаған болатын. Содан кейін 2002 жылы «Раднички»,  2003 жылы «Биг Бул», 2004 жылы «Мачва», 2006-2008 жылдары «Борач» командаларында өнер көрсетті. 2008 жылы Ресейдің «Динамо», ал  2008-2009 жылдары «Сібір» командаларында өнер көрсетіп, 2010 жылы  Қазақстанға ауысты. Мұнда алдымен Алматының «Қайрат» командасында өз бағын сынаған ол, 2011 жылдан бері «Астана» намысын қорғап жүр.