Ненецк автономиялық округінде МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырау себептері анықталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ненецк автономиялық округінде бүгін құлаған Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырау себептерін сарапшылар анықтауда, деп хабарлайды Интерфакс.
Нарьян-Мар қасында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауын тексеру комиссиясы оның негізгі себебі ретінде двигательдің істен шығуын қарастыруда. "Біздегі мәліметтерге сәйкес, әуе апатына двигательдің істен шығуы себеп болған деген алдын ала болжам жасалып отыр", - дейді құтқару жұмыстарын жүргізу оперативтік штабында. Ал елдің солтүстікбатыс көлік прокуратурасында қолайсыз ауа райы Ми-8 құлауына ықпал етті дейді. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыстар жүргізуде. Соңғы мәліметтер бойынша 7 желтоқсанда Ненецк автономиялық округінде Нарьян-Мар қаласынан 280 шақырым қашықтықта орын алған ұшақ апатынан екі адам ажал құшып, бес адам зардап шеккен.