Нэнси Пелосидің жұбайына шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің күйеуіне Сан-Францискодағы үйінде шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат evronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Нэнси Пелосидің жұбайына шабуыл жасалды

82 жастағы Пелоси ауруханаға жеткізілді. Шабуылдаушы ұсталды, оған айып тағылды.

Осыған дейін америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шабуылдаушының көздегені спкердің өзі болғанын, алайда оның шабуыл кезінде үйде болмағанын жазған еді.

BBC-дің хабарлауынша, АҚШ-тың Өкілдер палатасы спикерінің күйеуіне шабуыл жасаған адамға кісі өлтіруге оқталу әрекеті бойынша айып тағылады.

Жұма күні кешкісін полиция шабуыл жасаған адамның кім екенін айтты. Ол 42 жастағы Дэвид Депейп. Сан-Францисконың полиция бастығы Уильям Скотт шабуылдаушыға қару қолданып, кісі өлтіруге оқталу және өзге де бірнеше қылмыстық әрекет бойынша айып тағылатынын айтты.


Сурет: bbc.com