Непал қалтасыз шалбарлар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде

КАТМАНДУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Непалдың бас халықаралық әуежайының қызметкерлеріне парақорлыққа қарсы күрес науқаны аясында қалтасыз шалбарлар жаңа нысанды киімі берілетін болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас ведомствасы өкілдері Катманду әуежайының қызметкерлеріне деген шағымдардың саны өсе түскенін хабарлайды. Олар қалтасыз шалбарлардың билік өкілдеріне «заң бұзушылықпен күресте» септігі тиетініне сенімді. «Франс пресс» агенттігінің хабарлағанындай, осындай шара Непалдың премьер-министрі сыбайлас жемқорлық әуежайдың беделіне нұсқан келтіріп отырғанын мәлімдегеннен кейін қолға алына бастаған.

Соңғы жаңалықтар