16:24, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Непал министрлері әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Непал үкіметінің министрлері жұма күні оттегі маскаларын киіп, Эверест баурайында, теңіз деңгейінен 5250 метр биіктікте мәжіліс өткізді. Сөйтіп, министрлер арасында әлемдік рекорд орнатылды,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Мәжіліс өтетін орынға шенеуніктер тікұшақпен көтерілді.
«Тау басында» жиынды өткізудегі мақсат - жаһандық климаттың өзгеруіне жұртшылықтың назарын аудару болды, кеңес те осы мәселеге арналды.
Айтпақшы, қазан айында Мальдив аралының министрлері дәл осы проблеманы мұхитта, 6 метр тереңдікке сүңгіп, талқылаған болатын.