Непалда ішінде 21 адам болған шағын ұшақ жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Tara Air компаниясының Twin Otter ұшағы Покхарадан Джомсомға ұшқан. Онымен байланыс ұшудан кейін 18 минут өткен соң жоғалды.

 Непалда ішінде 21 адам болған шағын ұшақ жоғалды

Ел билігінің айтуынша, әуежайлардың арасында ұшақтың апатты қонуы мүмкін ұшу-қону жолақтары жоқ.

Тікұшақтың көмегімен жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарына ауа райының қолайсыз жағдайы кедергі болуда, деп жазады lifenews.ru.