Непалда қабылан 15 адамды жеп қойды

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Непалдың шеткері орналасқан аудандарының бірінде жергілікті билік адам жегіш қабыланның көзін жоюға тырысуда.

Непалда қабылан 15 адамды жеп қойды

Бұл туралы CNN хабарлады.

Жергілікті полиция өкілінің сөзіне қарағанда, жыртқыш аң кем дегенде 15 адамның өмірін жалмады. Олардың басым денін балалар құрайды.

Қабылан Непал астанасы Катмандудан шамамен 600 шақырым жердегі орманды алқапта жасырынуда. Оны ұстау немесе өлтіру осы уақытқа дейін мүмкін болмады. Жыртқыш аң көбіне орманға шыбық жинауға немесе малға азық жинауға келген адамдарға шабуыл жасайды.