Непалда көлік апатынан қаза тапқандар саны 47 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдың батысында өзенге құлаған автобуста қаза тапқандар саны 47 адамға жетті. Бұл туралы «РИА Новости» жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бұған дейін таратылған ақпаратта апаттан барлығы 24 адам мерт болғаны айтылған. Бірақ, жексенбі күні автобусты өзеннен алып шыққанда тағы бірнеше адамның мәйіті табылған.
Непал жолдары Гималай тауының сілемдерімен өтеді. Ол Азиядағы ең қауіпті жолдар болып есептеледі.