Непалда құс тұмауының ошағы тіркелді

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Непал билігі ел астанасы Катманду маңындағы аудандардың бірінде барлық тауықтардың көзін жоюды тапсырды.

Непалда құс тұмауының ошағы тіркелді

Атап айтқанда, бұл шара құс тұмауы вирусының таралуына тосқауыл қою мақсатында жасалып жатыр, деп жазады ВВС.

Белгілі болғандай, 500 мыңға жуық құс жойылатын болады. Ауданда төтенше жағдай жарияланды, сондай-ақ құс өнімдерін сату мен тасымалдауға тыйым салынды. Соңғы үш аптада бұл ауданда құс тұмауы індетін жұқтырудың 60-тан астам жағдайы тіркелген көрінеді.