Непалда мыңдаған адамдар лай көшкінінен баспанасыз қалды
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Непалдың батысындағы лай көшкіні кезінде мерт болғандардың саны 34 адамға жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Нөсер жауыннан туындаған сел тасқыны бірнеше үйді қиратқан. Биліктің хабарлауынша, мыңдаған адамдар баспанасыз қалған.