Непалда пілдер арасында футбол матчы өтіп жатыр

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Непалдағы Ұлттық саябақтағы пілдер фестивалі аясында пілдер мен олардың қараушылары арасында футбол матчы өтіп жатыр.

Непалда пілдер арасында футбол матчы өтіп жатыр

Атап айтқанда, Катмандудан 170 шақырым жердегі жергілікті пілдерді өсіру орталығының пілдері футбол жарысына қатысты.

Жыл сайын Непалда бүкіл әлем туристерінің назарын аударту үшін өткізілетін турнирдің 30 минуттық матчында пілдер жүгіріп, доп қуып, тіпті бірнеше гол да соқты, деп хабарлады Mignews.

Непалда 300-ден астам піл бар. 100-ден астамы қолға үйретілген. Оларды қонақүйлер мен ұлттық қорықтар туристерге джунглиді аралату үшін пайдаланады.