Непалда шетелдік туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Непалда шетелдік туристер мінген шағын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға ел орталығы - Катманду қаласының оңтүстігіне қарай 80 шақырымдай жерде орналасқан Шикхарпур елді мекеніне жақын жерде болған, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Непалда   шетелдік туристер  мінген ұшақ  апатқа ұшырады

Жергілікті Agni Air авиакомпаниясының ұшағының бортында 15 жолаушы және 3 экипаж мүшесі болған. Дерек көздердің ақпараты бойынша, жолаушылардың 12-сі - Германия азаматтары. Алдын-ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан ешкім тірі қалмаған.