Непалда жолаушылар автобусы өзенге құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда жолаушылар отырған автобус өзенге құлап, 31 адам мерт болып, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа .
Автобус апаты Непалдың Дхадинг ауданында болған.
Синьхуа таратқан ақпаратқа сәйкес, өзенге құлаған автогбустан 14 адамның өлі денесі шығарылған. Жарақат алған 15 адам емханаға жеткізілген.
Жол апатынан аман қалған жолаушының сөзіне қарағанда, авария болардың алдында көлік жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс арттырып, сосын көлікті басқара алмай қалған.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп, құтқару жұмыстары жалғасуда.