Непалдағы аса қуатты жер сілкінісі: 700-ге жуық адам ажал құшты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ деректеріне қарағанда, Непалдағы аса қуатты жер сілкінісінің салдарынан 688 адам мерт болған. Жер сілкінісінің кіндігі ел астанасы Катмандудан 77 шақырым қашықтықта, магнитудасы -7,9. Бұл зілзала соңғы 80 жылдың ішіндегі ең қуаттысы болып отыр.

Непалдағы аса қуатты жер сілкінісі: 700-ге жуық адам ажал құшты (ФОТО)

Непалмен шекаралас елдерде жер асты дүмпуі 30 адамның өмірін жалмады. Олардың 20-сы - үндістандықтар.

Катмандудың бас госпиталі ондаған зардап шегушілерді қабылдап жатыр. Мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандар саны өсу үстінде.

Ондаған жандар жер сілкінісі салдарынан құлаған Катмандудағы ежелгі мұнараның астында қалған. ЮНЕСКО-ның тізіміне енген бұл ғимарат осы елдің ең басты туристер тамашалайтын орны болатын, деп хабарлайды Би-би-си.