Непалдағы бал жұмағы: жабайы аралардың қазынасы - ФОТО
АСТАНА: ҚазАқпарат - Үндістан мен Непал арасындағы шекарада гурунги жұртының көшпенділері тұрады. Олар алып жартастардың басына шығып, жабайы аралардың жылдар бойы сақталған «тәттілерін» жинаумен айналысады. Омарташылардың кезекті бал жинау науқанында түсірілген суреттері Boredpanda сайтында жарияланды.
Британиялық фотосуретші Эндрю Ньюи гурунгилардың балды қалай жинайтынын көрсететін қызықты фотосуреттер жасаған.
Жылына екі рет бал арасын алу үшін олар баспалдақтар арқылы жартастың шыңына шығады. Ол жерде аралардың балға толған омарталары бар. Мұның бәрі қандай да бір сақтық шараларынсыз, ата-бабаларының байырғы тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Жоғары биіктіктен құлап кету қаупінен басқа, «омарташылар» үшін басты қауіп - аралардың өзі. Мұндағы әлемдегі ең ірі аралар кездеседі. Атап айтсақ, олардың ұзындығы шамамен 3 см-ге дейін жетеді.