Непалдағы көшкін: 16 адам қаза тауып, 38-і із-түссіз жоғалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Непалда аса күшті нөсер жаңбыр салдарынан жүрген көшкін 16 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Непалдағы көшкін: 16 адам қаза тауып, 38-і із-түссіз жоғалған

Бұдан бұрын Непалдың орталық бөлігіндегі Синдхупалчок ауданында апат салдарынан бес адамының қаза тауып, кем дегенде 38-нің із-түссіз жоғалып кеткендігі хабарланған болатын.

The Kathmandu Post газетінің деректеріне қарағанда, 30 үй үйіндінің астында қалған. Reuters осы аймақта мерт болғандардың саны 10-ға жеткендігін мәлім етті.

Сондай-ақ көшкін Непалдың батыс жағындағы Каликот ауданында тағы алты адам көшкін құрбанына айналды.