Непалдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 7 мыңнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Непалда болған жойқын жер сілкінісінің құрбандары саны 7 мың адамнан асты, деп хабарлады РИА Новости елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығына сілтеме жасап.

Непалдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 7 мыңнан асты

Бұдан бұрын 6621 адамның көз жұмып, 14023-інің зардап шеккені хабарланған болатын.

Сенбі күнінің мәліметтері бойынша «құрбандар саны 7045 адамға жетті, 14397 адам жарақаттанған» деп хабарлады CNN телеарнасы Непалдың төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығына сілтеме жасап.

Непал билігі үйінді астынан тірі қалғандарды табуға үмітін үзіп отыр. «Егер біз тірі алған біреулерді тауып алсақ, керемет болар еді. Бірақ та біз оларды іздестіруді одан әрі жалғастырамыз», - деп телеарна жергілікті ІІМ өкілі Лаксми Дхакалдың мәлімдемесін келтірген.

Непалда тербелісі 7,9 баллға жеткен жойқын зілзала 25 сәуір күні таңертең болды. Оның кіндігі ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте болды. Бұдан кейін күндіз Непалда бірнеше жерасты дүмпуі болып, оның ең қуаттысының күші 6,7 баллға жетті.