Непалдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 8 мыңнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда болған жойқын жер сілкінісінің құрбандары саны 8 мың адамнан асты, деп хабарлады Лента.ру.
Соңғы мәліметтер бойынша құрбандар саны 8019 адамға жетті, ал 17 876 адам жарақаттанып, 366 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында деп хабарлады CNN телеарнасы Непалдың төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығына сілтеме жасап.
Непалда тербелісі 7,9 баллға жеткен жойқын зілзала 25 сәуір күні таңертең болды. Оның кіндігі ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте болды. Бұдан кейін күндіз Непалда бірнеше жерасты дүмпуі болып, оның ең қуаттысының күші 6,7 баллға жетті.