Непалдағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдағы кезекті күшті жер сілкінісінен кейін зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Твиттердегі парақшасында ҚР СІМ ресми өкілі - ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Алтай Әбибуллаев хабарлады.

Непалдағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - ҚР СІМ

Сонымен бірге ол кеше Үндістанда болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың болмағандығы туралы ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Үндістанның солтүстігінде жолаушылар автобусымен болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 23 адам қаза тапты, 35-і зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Көлік құралы жолдан шығып кетіп, биіктігі 60 метрден асатын шатқалға құлады.

Тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы Египетте болды. Ресей және Украина азаматтары мінген автобус Харгада - Рас-Гариб күрежолының 40-шы шақырымында апатқа ұшырады. Ол жүк машинасымен соқтығысып, аударылды. ҚР СІМ мәліметтері бойынша, осы жол-көлік апаты салдарынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ.