Непалдағы жер сілкінісіне байланысты қаралы күн жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал билігі жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты үш күндік қаралы күн жариялады, деп хабарлайды Газета.ру.

Непалдағы жер сілкінісіне байланысты қаралы күн жарияланды

«Жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін біз бүгіннен бастап үш күнді қаралы күн деп жариялауды ұйғардық», - деді Непал премьер-министрі.

Еске сала кетейік, 25 сәуір күні Непал астанасынан 77 шақырым жерде 7,9 баллдық жер сілкінді. Соңғы мәліметке қарағанда, табиғи апат салдарынан 5 мыңнан астам адам қаза тапқан.