Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6204 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6204 адамға дейін ұлғайды, деп хабарлады France-Press агенттігі твиттердегі парақшасында.

Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 6204 адамға жетті

Жергілікті төтенше жағдайлар бойынша орталығының мәліметтеріне қарағанда, жарақаттанғандардың саны 13 мың 932 адамға жетті.

Соңғы 80 жылдағы 7,9 магнитудалы ең ірі жер сілкінісі Непалда 25 сәуір күні таңертең болды, деп жазады Газета.ру.