«Нептун-2014»: суда құтқару көпсайысының жеңімпаздары марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нептун-2014» республикалық оқу-әдістемелік жиынының жабылу рәсімі өтті, суда құтқару көпсайысы бойынша жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Айта кетсек, 23-26 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары-сүңгуірлері «Жалпы дене даярлығы», «Құтқару дайындығы» және «Сүңгуір дайындығы» атты үш аталымнан тұратын суда құтқару көпсайысы бойынша бәсекелерде күш сынасты.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД суда құтқару қызметінің командасы суда құтқару көпсайысы бойынша жарыстардың жеңімпазы атанды, Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші және Қостанай облысының командасы үшінші орынға ие болды.
Бәсекелерді өткізген кезде құтқарушылар-сүңгуірлер адам өмірін құтқаруға қажетті шеберлік пен ержүректілікті көрсетті, сондай-ақ судағы төтенше жағдайлар кезінде суда құтқару және сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізу бойынша дағдылар мен тәжірибені меңгерді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.