Несиесі бар қанша алматылық өзін банкрот деп жариялай алады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 214 мың адам қаржы ұйымдары алдындағы несиесін төлей алмай жүр. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары Заңғар Шындали Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші.

«Ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні 214 мың жеке тұлға қарыздарын уақытылы төлей алмай жүр. Бірақ олардың барлығы өздерін банкрот деп жария ете алмайды. Олар кіріс критерияларына сәйкес келуі керек. Біріншіден, соттан тыс банкроттық болса мүлкі болмауы қажет. Екіншіден, сот арқылы болса сомасын қарау керек»,- деді Алматы қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары Заңғар Шындали.
Сонымен қатар, ол жеке тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетінін еске салды.
Бұған дейін ҚР Қаржы вице-министрі Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында елімізде несие және басқа да қарызын төлемей жүрген 7 млн борышкер бар екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, қазақстандықтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.


Соңғы жаңалықтар