«Нестле» компаниясының өнімдері Қазақстан нарығында көш бастап тұр

АЛМАТЫ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - "Еуразия аймағы ішінде Қазақстанда біздің компанияның жұмысы сәтті дамуда", - деді «Нестле» компаниясының Еуразия аймағы бойынша басшысы Марк Потаст компанияның 2010 жылғы қорытындысы бойынша арнайы өткізген баспасөз мәслихатында.

«Нестле» компаниясының өнімдері Қазақстан нарығында көш бастап тұр

2010 жылы Еуразия аймағында компания өнімдерінің сатылым көлемі 2009 жылға қарағанда 15 пайызға өсіп, 8,5 миллиард рублді құраған. Марк Потасттың айтуынша, 2010 жылы компания өз тұтынушыларын жаңа өнімдермен қуантып, маркетингтік зерттеулер өткізе отырып компанияны Қазақстан нарығындағы азық-түлік саласында жетекші орынға шығарған. «Кофе саласында оның жаңа түрлерін шығару арқылы біздің компания көш бастап, Қазақстан нарығының 50 пайызды иеленуде. Ал, кондитер өнімдері бойынша 20 пайызды және аспаздық өнімдер шығаруда 45% иеленуде. Сонымен қатар сәбилерге арналған тамақ өнімдерін өндіру бойынша нарықтың 45 пайызға ие. Бұл біздің компания өнімдерінің халық көңілінен шығып, нарықта жетекші орынға шығып отырғандығын көрсетеді», -дейді М.Потаст.

Компания өкілдері компанияның ел экономикасына ғана емес, сондай-ақ халықтың дұрыс тамақтануына да пайдасын тигізіп отырғандықтарын айтып өтті. "Біз халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуді алға қоямыз. Осы тұрғыда кішкентай бүлдіршіндерге арналған арнайы сүт өнімдерін, халыққа жағымды жаңа кофелер шығарудамыз", -дейді "Нестле нутришн" компаниясының Еуразия, Қазақстан және Орталық Азия аймақтары бойынша бағыт жетекшісі Дария Айтмұханова.

Сондай-ақ ол ТМД құрамындағы мемлекеттер батыс елдеріне қарағанда кофені аз тұтынатындығын айтады. "Бұл осы елдердің бұрыннан шайды пайдаланғандығыннан және қоғамда кофенің адам ағзасына тигізетін зияны жайында жалған мәліметтің таралуынан", -дейді Д.Айтмұханова.