Нетаньяху Аббаспен телефон арқылы бейбітшілікті орнату мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдық премьер-министр Биньямин Нетаньяху Палестина президенті Махмуд Аббасқа телефон шалды, деп жазды The New York Times.

Нетаньяху Аббаспен телефон арқылы бейбітшілікті орнату мәселесін талқылады

Бұл бір жылдан астам уақыттағы екі көшбасшының телефон арқылы алғашқы сөйлесуі.

Нетаньяху кеңсесі таратқан хабарламада премьер Аббаспен әңгімелесу барысында «Израиль азаматтары бейбітшілікті қалайтынын» және «Израиль аймақта тұрақтылықты орнатуға талпынатынын» айтқаны туралы жазды.

Өз кезегінде, Палестина басшысы жылдың соңына дейін бейбіт келісіміне қол жеткізу маңызды екенін айтты.