Нетаньяху Израильде премьер-министр қызметін кезекпен атқаруды ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен «Яшар!» партиясының төрағасы Гади Айзенкот елде билеуші коалиция құру мәселесі бойынша келіссөз жүргізді. Кездесу шамамен үш сағатқа созылғанымен, әзірге нақты келісімге қол жеткізілгені туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Report агенттігі Израильдің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.
Тараптардың бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, кездесу қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат беруден басталған. Одан кейін ұлттық бірлік үкіметін құру мәселесі талқыланған.
— Кездесу іскерлік жағдайда өтті. Екі тарап та қалыптасқан елеулі келіспеушіліктерді еңсеруге тырысты, — делінген бірлескен мәлімдемеде.
Бұған дейін Нетаньяху Айзенкотқа коалициялық үкімет құруды және премьер-министр қызметін кезекпен атқаруды ұсынған болатын.
Ұсынысқа сәйкес, алдымен үкіметті Гади Айзенкот басқаруы керек. Кейін премьер-министр қызметін Биньямин Нетаньяху қабылдайды.
Бұған дейін Нетаньяху премьер-министр қызметін Айзенкотқа беруге дайын екенін мәлімдегенін жаздық.