Нетаньяху сөз сөйлегенде бірқатар елдің делегациясы БҰҰ залынан шығып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сөз сөйлеген кезде Түркия мен басқа да бірқатар елдердің делегациялары БҰҰ Бас ассамблеясы залынан шығып кетті. Бұл туралы Анадолы агеттігі жазды.
Нетаньяху БҰҰ Бас ассамблеясының 79-шы сессиясында сөйлеген сөзін бастамас бұрын Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз бастаған түрік делегациясы отырыс залынан шығып кетті.
Израиль премьер-министрінің сөз сөйлеуі кезінде зал айтарлықтай бос қалды. Ол мінберде тұрғанда орындардан гуіл естілді.
Халықаралық қылмыстық сот әскери қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындауға ордер берген Беньямин Нетаньяхуға БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуге рұқсат беру үлкен дау-дамай туғызып, сынның астында қалды.
Türk heyeti ve birçok delegasyon, İsrail Başbakanı Netanyahu'nun BM Genel Kurulu hitabını salonu terk ederek protesto etti https://t.co/CwQqLX7AJK pic.twitter.com/3LLqpvtpSP
— Anadolu Ajansı (@anadoluajansi) September 27, 2024
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы шеңберінде өткен Болашақ саммитінде сөз сөйледі.
Министр өз сөзінде көпжақты ынтымақтастықтың, БҰҰ реформасының және климаттың өзгеруі, ядролық қауіпсіздік және цифрлық трансформация сияқты сын-қатерлерді шешуге бағытталған жаһандық күш-жігердің маңызын атап өтті.