Нетаньяхуға қастандық ұйымдастырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Израильде премьер-министр Биньямин Нетаньяху, Қорғаныс министрі Йоав Галлант және Бас қауіпсіздік басқармасының (Шин Бет) директоры Ронен Бараға қарсы қастандық жоспарға тосқауыл қойылды. Жоғары лауазымды шенеунікті өлтіруді Иран жоспарлаған деп хабарлайды Jerusalem Post.

Нетаньяхуға қастандық ұйымдастырылды
Фото: Wikipedia

Хабарламаға сәйкес, Иранның операциясына Түркияда тұратын израильдік кәсіпкерді пайдалу жоспарланғаны айтылады.

Сәуір айында түрік азаматтары Андрей Аслан мен Гүнейд Аслан қаржы операцияларын жүргізу үшін израильдік кәсіпкермен байланысқа шыққан. Олар оны Түркияның Самандаг қаласына Иранның екі өкілімен кездесуге шақырған. Кездесу мамыр айында өткен. Израильдік кәсіпкер бастапқыда бір миллион доллар талап еткен.

Кейінірек израильдік кәсіпкер Моссад агентін «қос агентке» айналдыруды қоса алғанда, жоспарды жүзеге асыру, жұмсалатын қаржы, логистика және қару-жарақ үшін 5000 еуро алған. Сондай-ақ кәсіпкерден Иранның нұсқауларына сәйкес келмейтін миссияларды орындаудан бас тартқан Израиль азаматтарын қорқытуды сұрады, делінген хабарламада.

Бұл әрекетті израильдік кәсіпкердің жасағаны немесе жасамағаны әлі белгісіз. Оған бұл айып 19 қыркүйекте тағылған.

Соңғы жаңалықтар