Netflix Алматыда туристік реалити-шоу түсіреді

алматы
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін хабарлады. Алматыдағы түсірілім 20-30 мамыр аралығында өтеді. 

Жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.

Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ. 

Айта кетейік, Netflix – кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші платформа. 

Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы экономикасы 10,1 пайызға өскенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар